Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаладан ауылға көшкен жастарға мемлекет қандай қолдау көрсетеді

Опубликовано:

Жастарды қолдау мақсатында университет түлектеріне түрлі жеңілдіктер беретін арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы ретте Нұрфин редакциясы осындай бағдарламалардың бірі жайлы материал дайындады.

мемлект
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

"Дипломмен ауылға" - жобасының белсенді түрде ілгерілеуі 2009 жылдың шілдесінде басталды. Сол кезде Қазақстанның Тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендерді білікті кадрлар резервімен қамтамасыз ету қолға алынды. Бағдарлама бойынша уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі.

Ауылға көшкені үшін не ұсынылады?

Ауылда жұмыс істеу кезінде әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады және ауданда тиісті баспана алуға және салуға көмек беріледі. Қатысушы

  • 100 айлық есептік көрсеткіштегі - 265 100 теңге, бір реттік көтермелеу жәрдемақысын;
  • баспана салу не сатып алу үшін 1 500 АЕК немесе 3 976 500 теңге бюджеттік несиені 15 жыл мерзімге, 0,01% пайыздық мөлшерлемемен;
  • әлеуметтік сала ұйымдарының мамандары үшін қалалық ставкадан 25% -дан кем емес жалақысының ұлғаюын ала алады.

Алайда барлық мамандар аталмыш бағдарламаға қатыса алмайды. Бұл алдымен әлеуметтік бағытта болғандықтан, оған төменде көрсетілген мамандық иелері қатыса алады:

  • білім;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Сондай-ақ аталған мамандық бойынша білімі бар маман таңдалған елді мекенде кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.

Мемлекет қолдауын алу үшін төменде көрсетілген қадамдар жасалуы тиіс:

1. Таңдалған өңірдің облыстық әкімдігі басқармасы сайтынан қажетті кадрлар тізімін табу керек;

2. Жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша ауылдан жұмыс табу керек (жұмыс іздеуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе өңірдегі тиісті қызметкерлер көмектесе алады);

3. Жұмысқа тұрған жағдайда бағдарламаға қатысу үшін аудандық комиссияға өтініш беру керек.

Қандай құжаттар керек?

Бірреттік жәрдемақы алу үшін мына құжаттар қажет:

  • өтініш;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • дипломның көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орнындағы кадрлар бөлімінен мөр басылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • алдыңғы мекен-жай бойынша ақпарат - көші-қон қызметінен алынады.

Төмен пайыздық мөлшерлемемен несие рәсімдеу үшін:

  • сатып алынғалы жатқан жылжымайтын мүлікті бағалау акті;
  • егер некеде болса, куәліктің көшірмесі;
  • таңдалған елді мекенде кандидаттың, жұбайының және балаларының мүлкінің болмауы (болуы) туралы құжат.

Баспана салу үшін берілетін несиеге арналған құжаттар:

  • бағдарламаға қатысушыға бөлінген жерді тұрғын үй салу үшін пайдалану құқығы бар екенін растайтын акт;
  • кепілдік мүлік туралы акт;
  • осы кепілдік мүлігінің сақтандырылғаны туралы акт;
  • берілетін несие мөлшерінен асатын үй құрылысын қаржыландыруға жазбаша келісім;
  • несие мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға жазбаша келісім
  • егер некеде болса, куәліктің көшірмесі.

Түпнұсқа екендігін анықтау үшін құжаттардың түпнұсқалары міндетті түрде сұралады. Алайда осы тізімнен басқа құжатты сізден талап етпеуі керек.

Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сүйенсек, бағдарламаның іске қосылғанына 10 жылдан асты. Оған 60 мыңдай адам қатысып үлгерді.

Бағдарламаға қатысып, тәжірибе жинадыңыз ба? Осы бағдарлама бойынша ауылда жұмыс істейтін таныстарыңыз бар ма? nurfin@corp.nur.kz поштасына хат жазып, өз оқиғаңызды айтуға шақырамыз.

Айта кетсек, бұған дейін қолға алатын нақты жалақыны қалай есептеуге болатынын жаздық.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1842981-kaladan-auylga-ksken-zastarga-memleket-kandaj-koldau-krsetedi/

pixel