Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Опубликовано:

Азық-түлік сатып алу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда бұған еліміздің сауда министрлігі аса алаңдап отырған жоқ. Шенеуніктер коронавирустың екінші толқыны кезінде тауар құны өссе, шекті бағаны енгізуді қарастыратынын алға тартты.

"Баға бойынша айтар болсақ, биыл әлемдік саудада өзгеріс болып жатыр. Шекаралардың жабылуы, басқа да карантиндік шектеулердің әсер етіп жатқаны сөзсіз. Егер Қазақстанда азық-түліктің бағасы қатты өсіп кетсе, онда шекті бағаны енгізуіміз мүмкін. Бірақ бұған қажеттілік болмайды деген үміттеміз. Өйткені азық-түлік қорымен жұмыс жүргізілді", - дейді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Коронавирустың алғашқы толқынында министрлер кабинеті азық-түлік бағасы тым шарықтап кеткендіктен шекті бағаны енгізуге мәжбүр болған еді. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны 4,2 пайызға өскен.

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізде ең қымбаттаған өнім – жұмыртқа. Одан кейінгі орындарға қант, макарон өнімдері, ұн, сиыр еті, шәй, нан, күріш жайғасқан.

Бақыт Сұлтановтың сөзіне сенсек, халық көп тұтынатын 19 азық-түлік түрі бойынша мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен жан-жақты жұмыс атқарылған. Өңірлерде азық-түлік қоры құрылып, желілерге қажетті қаражат бөлініпті. Министр нарықтағы жағдай жіті бақылауда екеніне сендірді.

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде коронавирусқа қарсы күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлінетінін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбат және арзан қалалар белгілі болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1881578-elimizde-azyk-tlik-bagasy-tagy-kymbattauy-mmkin/

pixel