Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің кей өңірлерінде нан мен картоп бағасы қымбаттады

Опубликовано:

картоп 132
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның кейбір аймақтарында азық-түлік бағасы өсті. Мәселен, Таразда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттаса, солтүстікте картоп құны екі есеге дейін өскен деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Бүкіл елді картоппен жарылқап отырған теріскейде өнім құны екі есеге дейін өсіп кеткен. Ішкі өнімнің осынша шарықтауы жергілікті тұтынушыларды алаңдатуда.

Ал шаруалар болса, картоп бағасының өскенін құп көреді. Айтуларынша, биылғы қуаңшылық талай ферманы тақырға отырғызған.

"Биыл мен екі есе аз өнім алдым. Бір гектар жерден 9 тонна ғана картоп алдым. Кейбір шаруаларда ол да жоқ. Былтыр қар аз түсті, жазда аптап ыстық болды. Тұқымға 9 млн теңге жұмсасам мемлекет соның 500 мың теңгесін ғана субсидиялады", – дейді шаруа Александр Дмитриев.

Телеарнаның мәліметінше, жергілікті билік бағаны тұрақтандыруға тырысып-ақ жатыр. Олар картопты шаруалардан бюджет есебінен сатып алып, сауда орындарына арзан бағаға жеткізіп бермек.

"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының алты сауда орнында қазір картоп сатылып жатыр. Бағасы – 80 теңге. Әлеуметтік нанның бағасы бүгінде өзгерген жоқ, өзгермейді. Оның бағасы – 61 теңге. Сәбіз бен қырыққабаттың бағасы – 70 теңге", - дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Медет Оспанов.

Солтүстікте картоп құны өссе, Таразда нан бағасы бір күнде 10 теңгеге көтеріліп кеткен. Шенеуніктердің айтуынша, бағаны наубайханалар себепсіз қымбаттатып жіберген. Қаладағы 6 наубайхананың 5-і бағаны бірден көтеріпті. Ал кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай қадамға еркісіз баруға тура келген. Наннан бұрын шикізат құны 30 пайызға өсіпті.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашев нан бағасы қайта қалпына келетінін жеткізді. Айтуынша, бұл мәселеге монополияға қарсы органдар кіріскен, міндетті түрде шара қолданылады.

А.Құрманкин

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін екенін жазған едік

Сонымен қатар Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбат және арзан қалалар белгілі болғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1881601-elimizdi-kej-irlerinde-nan-men-kartop-bagasy-kymbattady/

pixel