Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теңге бағамымен салыстырғанда ең төменгі жалақы мөлшері қалай өзгерді

Опубликовано:

теңге доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

20 жылдың ішінде ел экономикасы түрлі өзгерістерге, соның ішінде күрделі экономикалық дағдарыстарға ұшырады. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етті. Осы орайда Нұрфин журналистері Қазақстанда теңге бағамымен салыстырғанда ең төменгі жалақы мөшлері қалай өзгергенін анықтап көрді.

Ең төменгі жалақы – бұл азаматтың айлық еңбек ақысының кепілдендірілген мөлшері. Ол зейнетақымен және жәрдемақымен тең дәрежеде әлеуметтік кепілдемелер пакетіне жатады. Сондықтан оны мемлекет белгілейді және реттейді.

Қазақстанда 25 жыл ішінде ең төменгі жалақы мөлшері біртіндеп өсті. Қазіргі таңда ол АҚШ долларының бағамы 427,91 теңге болып тұрғанда – 42 500 теңгені құрайды.

Енді 2000 жылдан бергі ең төменгі жалақы мөлшерін АҚШ долларымен салыстырып көрейік. Валюта бағамы бойынша мәліметтер әр жылдың 26 қазанындағы деректерге сәйкес алынды.

АҚШ доллары 21
Көрнекі фото: freepik.com

2000 – 2005 жылдар

1993 жылы ұлттық валюта айналымға енгеннен кейін доллар 4,69 теңгеден сатыла бастады. Сол кезден бері америкалық валюта бағамы біртіндер өсе берді.

Online.zakon.kz порталының мәліметі бойынша, 2000 жылғы 26 қазанда доллардың құны 142,65 теңге болған. Ал 2000 жылдың төртінші тоқсанында ең төменгі жалақы мөлшері 2 680 теңге болған.

Яғни мыңжылдықтың басында ең төменгі жалақы мөлшері 18,8 АҚШ долларына тең болған.

Алайда ел экономикасы дамуының арқасында 2000 – 2005 жылдары доллар бағамы бірте-бірте төмендеп, жыл соңына қарай 133,8 теңге болды.

Сол уақытта ең төменгі жалақы 2003 жылға дейін шамамен мың теңгеге өсті, кейіннен өсім екі еселенді. Алғашқы бес жылдың соңына қарай ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге өсті. Бұл – 68,76 АҚШ долларына тең еді.

валюта динамикасы 26
ҚР Ұлттық банкінің деректері негізінде: NUR.KZ

2005 – 2010 жылдар

2006 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 болса, доллардың бағасы 127,86 теңгеге дейін төмендеді.

Ұлттық валюта 2008 жылға дейін нығайып, бір доллар 119,78 теңгеге тең болды. Алайда 2010 жылдың соңындағы қаржы дағдарысына байланысты теңге құлдырап, доллардың құны 147,58 теңгеге көтерілді.

Сол уақытта ең төменгі жалақы мөлшері біртіндеп өсіп, 14 952 теңгені құрады. Яғни 2010 жылдың аяғына қарай ең төменгі жалақы мөлшері 101,3 АҚШ долларына тең болды.

Дәл осы 2010 жылдан бастап заңнамалық деңгейде күнкөріс минимумы енгізілді. Ол ең төменгі жалақы мөлшеріне (14 952 теңге) теңестіріліп, әр түрлі жәрдемақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

16232
Көрнекі фото: freepik.com

2011 – 2015 жылдар

Келесі бес жылда доллар бағамы біртіндеп өсіп, жаңа дағдарыс туындады.

Осылайша, шетелдік валюта 2011 жылы 147,96 теңге болса, 2015 жылы күрт өсіп, 277,51 теңгеге жетті.

Ең төменгі жалақы мөлшері де аталған уақытта шамамен 1000-1500 теңгеге өсті.

2013 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 121,33 АҚШ долларына тең болды. Ал 2015 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 21 364 теңгені құрады. Ол кезде доллардың құны 277,51 теңге болған. Яғни ең төменгі жалақы 77 АҚШ долларына тең болды.

динамика 132
ҚР Ұлттық банкінің деректері негізінде: NUR.KZ

2016 – 2020 жылдар

Соңғы бес жыл да қазақстандық валюта бағамы тағы да құлдырады. Осылайша, 2016 жылы АҚШ доллары 330,12 теңгеге қымбаттаса, 2020 жылы 427,91 теңгеге дейін өсті.

2019 жылдан бері ең төменгі жалақы мен күнкөріс минимумы бөлініп, әртүрлі соманы құрады.

Осылайша, күнкөріс минимумы 29 689 теңгеге теңестіріліп, ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болды.

2020 жылдың екінші тоқсанынан бастап АЕК пен күнкөріс минимумының өсуіне қарамастан, ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы қалпында қалды.

2021 жылы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалуы мүмкін, дегенмен күнкөріс минимумын 34 302 теңгеге дейін өсіру жоспарлануда.

2020 жылғы 26 қазандағы мәлімет бойынша, ең төменгі жалақы мөлшері 99,3 АҚШ долларына тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1881672-kazakstanda-tege-bagamymen-salystyrganda-e-tmengi-zalaky-mlseri-kalaj-zgerdi/

pixel