Елімізде кредит алғандардың саны артқан
Опубликовано:

Қазақстанда кредит алушылардың саны артқан. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Досаевтың хабарлауынша, елімізде қыркүйек айында қазақстандықтардың кредиті 7 триллион теңгеге дейін жеткен.
Банк төрағасы қыркүйекте экономикаға берілетін кредиттер 1,1%-ға өсіп, айдың соңында 14,3 триллион теңгеге жеткенін де атап өтті. Оның ішінде ұзақ мерзімді кредиттер 1,3%-ға, яғни 12,4 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Ал қысқа мерзімді несиелер 0,2%-ға, яғни 2,0 триллион теңгеге дейін азайды.
"Қыркүйекте халықтың кредиттері 2,0%-ға, 7,0 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыз 1,3%-ға өсіп, 4,2 триллион теңгеге жетсе, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен ипотекалық қарыз 3,6%-ға артып, 2,1 триллион теңге болды", - деді Досаев үкімет отырысында.
Сонымен қатар, банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 3,3%-ға ұлғайып, қыркүйектің соңында 21,4 триллион теңге болған екен.
Досаевтың мәліметіне сәйкес, елде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылдың қыркүйегінде 40,9% шамасында қалыптасқан.
Еске салсақ, бұған дейін еліміздің министрі кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалық жеткізген болатын.
Одан бөлек, тәжірибелі инвестор, Уолл Стритте 7 жылдық тәжірибесі бар миллионер Эдвард Дубинский Джозеф Байденнің АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жетуі доллар бағамына қалай әсер ететінін айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1884046-elimizde-kerdit-algandardy-sany-artkan/