Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын алу: Ел тұрғындары 10 пайыздық салықты қалай төлейді

Опубликовано:

зейнетақы жинағы
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алған кезде, 10 пайыз табыс салығын бөліп төлейді. Парламент тиісті заңды қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, мәжіліс салық кодексіне сенат енгізген түзетулерді мақұлдаған. Оған сәйкес, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын азаматтарға 10 пайыз табыс салығын төлеу мерзімін кейінге қалдыру құқығы берілмек. 

Осыған дейін сенат табыс салығын зейнетке шыққан соң, 16 жыл ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік беру қажет екенін айтқан болатын. 

"Сенат енгізген түзетулер мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді", - деді депутат Сергей Симонов.

Осыған байланысты мәжіліс сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдағаны белгілі болды. 

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға рұқсат етіледі. 

Тиісті қаражат адамның жеке шотына аударылмайды және қолма-қол берілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың азамат ие болмақ.

Олар: 

  1. зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;
  2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
  3. Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.

Сонымен қатар әртүрлі жастағы азаматтар зейнетақы жинағынан ақша алуы үшін жасына қарай шотта болуы керек соманың жеткіліктілік шегі бар.

Мысалы, 20 жастағы азаматтың шотында ең кемі 1 миллион 720 мың теңге болуы керек. Ал 30 жастағы азамат үшін жеткіліктілік шегі – 2 миллион 518 мың теңге.

Еске салсақ, бұған дейін қоғам белсендісі зейнетақы қорындағы ақшаның бес жылда таусылуы мүмкін екенін айтып дабыл қаққан еді.

Одан бөлек, енді зейнетақының бір бөлігін алатын қазақстандықтар салықты кейін төлей алатынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1886174-zejnetaky-zinagyn-alu-el-trgyndary-10-pajyzdyk-salykty-kalaj-tlejdi/

pixel