Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеге жететінін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ел президенті Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, билік әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа алады екен.

Осы орайда, мемлекет басшысы қаржыны және жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуды доғару қажет дейді.

Тоқаев мемлекет атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беруі керек екенін жеткізді.

"Ең бастысы - әлеуметтік әділдік. Сол себепті, мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән береміз", - деді Қазақстан президенті.

Ол әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтілетінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік  төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Одан бөлек, ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индексацияланады. Бұл ретте ол инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асырылады.

Осыған дейін мемлекет басшысы арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтқан болатын.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтанда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының съезі басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1886400-tokaev-zrdemakyny-ody-soldy-taratudy-dogaru-kazet/

pixel