RU

Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады

Доллар мен теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Америкалық валюта өткен тәулікте тағы да 1,21 теңгеге қымбаттады. Қазақстан қор биржасының ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, 27 қарашада түске дейін Қазақстанда бір доллар 423,8 теңгені құрады.

Шетел валюталарының актуалды бағалары NUR.KZ-тегі айырбастау бағамы бетінде көрсетілген.

Осы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтандағы айырбастау нүктелері мен екінші деңгейлі банктерде бір долларды 425,4 - 426,5 теңгеге сатып алуға, сондай-ақ 422 - 426,4 теңгеге сатуға болады.

Алматыда да бағалар осыған ұқсас. Оңтүстік астананың айырбастау нұктелері мен банктері бір долларды 425,1 - 426,5 теңгеден сатып жатыр. Сондай-ақ шетел валютасы 422 - 426,4 теңгеден сатып алуда.

Еліміздің үшінші мегаполисінде де бағам елорда мен Алматы қалаларына ұқсас.

Мұнда долларды 425,4 - 426,5 теңгеге сатып алуға және 422 - 426,4 теңгеге сатуға болады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдаған еді.

Қазақстан президентіне биылғы 10 айдың ішінде ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және төлем балансының жағдайы бойынша 9 айдың қорытындысы, сондай-ақ, ұлттық төлем жүйесін дамыту жұмысының барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында есеп берілді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1886819-kazakstanda-dollar-tagy-da-kymbattady/