БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады
Опубликовано:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қор таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленген.
Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.
Оның ішінде:
- зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.
"Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтқан болатын.
Сонымен қатар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеге жететінін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1887176-bzzk-zejnetaky-tlemderine-katysty-akparat-zarialady/