Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Опубликовано:

42500
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қазақстанда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің айлығы өседі. Бұл үшін республикалық бюджеттен алдағы үш жылға 95 миллиард теңге қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерінің жалақысы көтеріледі.

Атап айтқанда, стационарлық (қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер) және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (күндіз болу бөлімшелері, оңалту орталықтары), уақытша болу мекемелерінде (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған оңалту орталықтары) жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер мен басшылық құрамның, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы ұлғаймақ.

"Нәтижесінде 1 қаңтардан бастап лауазымдық жалақыны ұлғайту жолымен әлеуметтік қызметкерлер үшін жалақы 1,5 есеге, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ағымдағы мәннен 1,75 есеге, ал 2023 жылы 2 есеге өседі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік мекемелердің әкімшілік және көмекші қызметкерлерінің жалақысын лауазымдық жалақыға қосымша ақыны 30-дан 40 пайызға дейін арттыру арқылы көтеру жоспарланып отырғаны айтылды..

"Бұл жыл барлығына қиын болды. Біздің әлеуметтік қызметкерлер мекемелерде тұрып, ерекше контингентпен жұмыс істеді. Біз олардың еңбегін бағалаймыз және олардың маңыздылығын түсінеміз. Бұл шара әлеуметтік салаға мамандарды тартуға, қызметкерлердің тапшылығын азайтуға және кадрлық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда қаңтардан бастап зейнетақы қаншаға өсетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1889095-ebek-ministrligi-katardan-bastap-kimderdi-zalakysy-setinin-ajtty/

pixel