Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк: Коронавирустың жаңа штаммы теңгенің әлсіреуіне әсер етті

Опубликовано:

Ақша теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммы теңге бағамы мен мұнай нарығына қысым түсіріп жатыр деп жазады Sputnik Қазақстан Қазақстанның ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, биржадағы сауда-саттықта теңгенің долларға шаққандағы бағамы жексенбіден бері (-) 0,98% әлсіреп, 421,25 теңге шамасында тұр.

Осы орайда Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің құлдырауына қандай факторлар әсер етіп жатқанын айтқан.

"Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі пайда болды деген жаңалық, осыған байланысты сапарлар мен қозғалыстың шектелуі мұнай бағасының төмендеп, дамушы елдердегі негізгі валюталардың әлсіреуіне, соның ішінде Қазақстан ұлттық валютасының әлсіреуіне әсер етті", - дейді ол.

Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, энергия тасымалдаушы нарықтарға әсер еткен қосымша жағымсыз фактордың бірі – АҚШ-тағы шикі мұнай қорының өсуі.

Соның салдарынан Brent маркалы мұнай өткен аптаның соңынан бері 5,7% арзандап, бүгінгі сауда-саттықтың азиялық сессиясында барреліне 49,26 долларға сатылған.

Тұрсынхановтың айтуынша, COVID-19 вирусының жаңа штаммы табылды деген жаңалық әлемдік индекстерге де түзетулер енгізген.

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі Еуроодақ аумағында коронавирусқа қарсы вакцинаны пайдалануға рұқсат бергеніне қарамастан, еуропалық индекстер 1,7-2,5%-ке төмендеген.

Айта кетейік, Ұлыбритания елде COVID-19-дың жаңа штаммы таралып жатқанын айтқаннан кейін әлемнің бірқатар елдері Біріккен Корольдікпен арадағы әуе сапарлары пойыз қатынасын тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1890684-lttyk-bank-koronavirusty-zaa-stammy-tegeni-lsireuine-ser-etti/

pixel