RU

Жаңа жылдан бастап еліміз жалпыға бірдей декларациялауға көше бастайды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жаңа жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға көшудің алғашқы кезеңі жүзеге асырылады деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың 10 желтоқсанында Президент "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын. Құжат нормаларына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіледі.

Салық Кодексінде сәйкес, декларациялауды кезең-кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.

Алғашқы кезең 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл кезеңде Активтер мен міндеттер жөніндегі декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалармен олардың жұбайлары; ​мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген тұлғалармен олардың жұбайлары, сондай-ақ ​​декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар тапсырады.

Жоғарыда аталғандар активтер мен міндеттер туралы деректерді 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетулері тиіс.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар тұрғылықты жері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей тапсыруы керек. Ал электрондық нұсқада тапсыру 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.

Одан әрі, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00 СЕН) тапсырғаннан кейін, осы санаттағы тұлғалар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын кірістері мен мүліктері туралы Декларация (270.00 СЕН) тапсыруы қажет болады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/1890715-zaa-zyldan-bastap-elimiz-zalpyga-birdej-deklaracialauga-kse-bastajdy/