Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін үй жөндеуге жұмсауға бола ма

Опубликовано:

42500
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да онлайн брифингте қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын тұрғын үйді жөндеуге жұмсау үшін мерзімінен бұрын алуға рұқсат етіле ме деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ибрагимова Зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, тұрғын үй мәселелерін шешу операторы "Отбасы банк" болатынын хабарлады. Оның айтуынша, зейнетақы қаражатын жұмсау ережесінің жобасында "жөндеуге" деген бағана жоқ.

"Қазір қоғамда зейнетақы жинақтарын тұрғын үйді жөндеуге жұмсау үшін шешу мәселесі көптеп талқылануда. Біздің ұстанымымыз - мемлекет 22 жыл бойы зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етті, ағымдағы жөндеу жұмыстары - бұл ағымдағы шығындар.

Жөндеу жұмыстары пәтерді сатып алумен байланысты болған жағдайда рұқсат етілетін болады, ондағы банктік шартта бірінші әрлеуден өткен бастапқы нарықтағы пәтерді сатып алу және оған жөндеу жұмыстарын жүргізу қоса көрсетіледі", - деп хабарлады спикер.

Брифингте әзірге зейнетақының жұмсалуы үш бағытты - тұрғын үй сатып алуды, емдеуді немесе өз жинақтарын қаржы компанияларының басқаруына беруді көздейтінін хабарлады.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- ең төменгі жалақы - 42 500 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;

- ең төменгі зейнетақы - 43 272 теңге; - АЕК - 2 917 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төменгі мөлшері - 34 302 теңге.

Зейнетақы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1891410-kazakstanda-zejnetaky-tlemderin-j-zndeuge-zmsauga-bola-ma/

pixel