Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларының шарты өзгерді

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

"Бақытты отбасы", "Шаңырақ" тұрғын үймен қамту бағдарламаларының шарттары өзгерді. Екі бағдарлама бойынша да үй алуға ниетті салымшылардың табыс шегі ұлғайтылды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша әр отбасы мүшесіне шаққандағы айлық табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы шарт немесе 106 336 теңгеден аспауы тиіс.

Бұл меже бұған дейін екі күнкөріс минимумын құрайтын.

"Шаңырақ" бағдарламасымен үйлі боламын дегендердің күнкөріс минимумы отбасы мүшелеріне шаққанда 126 917 теңге болуы керек.

Мысалы, отбасында төрт адам болса, "Шаңырақ" бағдарламасымен пәтер алуға ортақ айлық кіріс шамамен 507 мың теңгеден кем болмауы қажет.

Сонымен бірге салымшыларға тағы бір мәселенің түйіні шешілді.

"Біреу 5-6 жыл жинайды, сегіз жылға дейін жинаған азаматтар бар. Оның жинақтаған сомасы кейбір кезде сол сатып алатын құнына тең боп қалады. Несие алудың қажеттілігі жоқ болады. Бірақ бағдарламаның шартына сәйкес, сондай ақшаны жинап тұрса да, бұрын ол өзінің төлем қабілеттілігін растау керек еді, яғни оның қаражаты жеткілікті, ресми жұмысы бар. Бүгінде ол шектеу алынды", - дейді "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

Айта кетейік, бұл өзгертулер 2021 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын қаржыны қолдануға қанша уақыт берілетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1891863-bakytty-otbasy-zne-sayrak-bagdarlamalaryny-sarty-zgerdi/

pixel