Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өсті

Опубликовано:

42500
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап кімдердің жалақысының өскені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Бұл жөнінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа жолдауында жария еткен болатын.

Одан бөлек, мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің айлығын да кезең-кезеңмен арттыруды тапсырған еді.

Ол 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасын 2,5 есеге жеткізу міндетін қойды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай ақ халаттылардың еңбекақысы шамамен 550 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлердің де айлығы өсті.

Атап айтқанда, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, уақытша болу мекемелерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер мен басшылық құрамның және үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы ұлғайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметінше, 2021 жылдан лауазымдық жалақыны ұлғайту жолымен жалақы 1,5 есеге, 2022 жылдың 1 қаңтарынан қазіргі мөлшерден 1,75 есеге, ал 2023 жылы 2 есеге өседі.

Бұл үшін республикалық бюджеттен алдағы үш жылға 95 миллиард теңге қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892188-kazakstanda-1-katardan-bastap-kimderdi-zalakysy-sti/

pixel