Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2021 жылы қаржыны қай валютада сақтаған тиімді: Маман кеңес берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

2021 жылы басқа валюталарға қарағанда жинағыңызды еурода сақтаған тиімдірек дейді РИА Новостиге сұхбат берген "БКС Мир инвестиций" компаниясының қор нарығы бойынша сарапшысы Михаил Зельцер.

"Мәселен қайта қалпына келу жағынан Еуропа экономикасы АҚШ экономикасын басып озды делік. Онда АҚШ қазыналық бағдарламасы долларға девальвацилық қысым түсіре бастайды.

Осылайша, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында-ақ долларға қатысты алсақ еуро 1,3-ке дейін күшеюі ықтимал. Бұл қаржының бір бөлігін еурода сақтау тиімді болатынын білдіреді", - дейді Михаил Зельцер.

Сонымен қатар сарапшы еуродан бөлек, юань, иена және рупияға сұраныстың артуы мүмкін екенін жасырмады.

Алайда Михаил Зельцердің сөзінше, бұл валюталар ресейліктер үшін "экзотикалық" болып табылады.

Сарапшы рубльдің де болашағы жарқын деген пікірде.

Оның болжамынша, бір доллар 70 рубльге және еуро 85 рубльге дейін нығая алады.

Алайда, бұл белгілі бір шарттарды қажет етеді, дейді Михаил Зельцер.

Ол үшін Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 50 рубльден жоғары көтерілуі және АҚШ пен Еуропаның санкциялар қысымы төмендеуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еліміздің тұрғындары енді зейнетақыдан қанша қаражат алуға болатынын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан қарау мүмкіндігіне ие болғанын жазған едік.

Сонымен қатар Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап кімдердің жалақысының өскені хабарланған болатын. Олардың қатарында мұғалімдер және әлеуметтік қызметкерлер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892336-2021-zyly-karzyny-kaj-valutada-saktagan-tiimdi-maman-kees-berdi/

pixel