Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүз мыңдаған қазақстандыққа 42 500 теңге төленетіні туралы СМС келді

Опубликовано:

42500 теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мыңдаған қазақстандық 5 шілдеден бастап 42,5 теңге жәрдемақы төленетіні туралы хабарлама алды. Жағдайға қатысты Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрлігі пікір білдірді.

Жәрдемақы төленетіні туралы хабарлама Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында жарияланған. Жазбада 5 шілдеден бастап кіріс жоғалған жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келгені айтылған.

Кейбір желі қолданушылары СМС-ті алаяқтар жіберген болуы мүмкін деп топшылаған.

"Маған да келді. Бұл қалай? жарты жылдан кейін бе әлде шілдеге дейін күтеміз бе? Мен ешқандай 42 500 алмағанмын. Түсініксіз", "Маған да келді, бірақ ТЖ аяқталды емес пе", Маған бүгін 1414-тен келді", "Бұл 100 пайыз алаяқтық", - дейді желідегілер.

Осы ретте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарламаның техникалық қателік салдарынан жіберілгенін айтты.

"Түнде жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізілді, бұл төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарламаның жіберілуіне себеп болды. Хабарлама байланыс операторларының 400 000 абонентіне жіберілді. Бұл әдеттегі жағдай емес және адами фактордың нәтижесі болды", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

Еске сала кетсек, 2021 жылы ең төменгі жалақы сол 42 500 теңге мөлшерінде қалды.

Ал жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) өсті. Енді 1 АЕК 2 917 теңгеге тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892765-zz-mydagan-kazakstandykka-42-500-tege-tlenetini-turaly-sms-keldi/

pixel