
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты барлық операция онлайн-форматта жасалады. Ол үшін банкке барудың қажеті жоқ деп хабарлайды Отбасы банктің баспасөз қызметі.
Ведомсвто мәліметінше, осы заңға қатысты барлық актіге қол қойылғаннан кейін онлайн-платформа іске қосылмақ.
Сол жерде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы өтінішті қашықтан беруге мүмкіндік болады.
"Барлық операция онлайн-форматта жасалатынын еске саламыз. Ол үшін банкке келудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада..
Еске сала кетейік, бұған дейін "Отбасы банк" басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға қытысты өтініш қабылдайтын онлайн-порталдың 8 қаңтарда іске қосылатыны туралы айтып берген еді.
Оның сөзінше, уақыт жағынан шектеу жоқ. Сол себепті банкке барып, өтініш берудің қажеті жоқ.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892766-zejnetaky-zinagyn-pajdalanu-sin-bankke-baru-kerek-pe/