Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктер ел азаматтарының шотындағы ақша турлы есеп беруге міндеттелгені рас па

Опубликовано:

Банк карталары
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банктер қазақстандықтардың жеке шоттарындағы ақша туралы есеп беруге міндетті деген желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды МКК Telegram арнасы.

Әлеуметтік желілерде осы жылдың басынан бастап барлық екінші деңгейлі банктер мемлекеттік органдарға ел азаматтарының жеке шоттарындағы ақша қозғалысы туралы ақпарат беруге міндетті деген ақпарат пайда болды. Хабарлама авторлары Салық кодексіндегі түзетулерге сілтеме жасаған.

Алайда МКД бұл деректі ресми түрде жоққа шығарды. Комитеттің хабарлауынша, Салық кодексіне мұндай өзгерту енгізілмеген.

"Сонымен бірге, Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің бақылау- касса машиналары арқылы өз кірістерін көрсету міндеттемесін және жеке тұлғаларға тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу кезінде түбіртек алу қажеттілігін еске салады. Осылайша, сіз өзіңіздің азаматтық позицияңызды білдіресіз, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытасыз және өз құқықтарыңызды қорғай аласыз", - дейді комитет.

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлерге төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесімен айналысып жатқандығын хабарлады. Алайда, бұл жаңашылдықтар жеке тұлғалардың жеке мақсаттарға пайдаланатын аударымдарына әсер етпейді.

"Демек, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ", - дейді комитет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892812-bankter-el-azamattaryny-sotyndagy-aksa-turly-esep-beruge-mindettelgeni-ras-pa/

pixel