Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк 2020 жылы теңгенің не себепті құлдырағанын түсіндірді

Опубликовано:

теңге мен доллар 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев үкіметтің онлайн отырысында 2020 жылы теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен бірге коронавирус тудырған дағдарыс жағдайында әлсіреді, бұл инвесторлардың қауіпті активтерден шығуына әкелді", - дейді Досаев.

Оның айтуынша, бразилиялық реал 29,0% -ға, түрік лирасы - 25,0% -ға, ал ресейлік рубль - 19,3% -ға әлсіреген. 2020 жылға арналған теңгенің айырбас бағамы 10,0% -ға, яғни бір доллар 382,60-тан 420,91 теңгеге әлсіреген.

"Cыртқы жағдайлардың жақсаруына байланысты және Ұлттық банктің үкіметпен бірлесе қабылдаған шараларының арқасында теңгенің айырбас бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып, жылды жапқанын атап өткен жөн", - дейді Ұлттық банк басшысы.

Ерболат Досаевтың сөзінше, 2020 жылдық желтоқсанында мұнай бағасының өсуі және тәуекелді активтерге сұраныстың артуына байланысты теңге бағамы бір доллар үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін, 1,0%-ке нығайды.

Биыл 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбас бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Досаев коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация әлемдік экономикаға оң әсер ететінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1893271-lttyk-bank-2020-zyly-tegeni-ne-sebepti-kldyraganyn-tsindirdi/

pixel