RU

Халықтың банк алдындағы қарызы 7 триллион 360 млрд теңгеге жеткен

несие 18
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 7 триллион 360 миллиард теңгеге жеткен. Мұндай деректі үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

"Олардың құрамында тұтынушылық қарыз 4,3 трл теңгеге дейін, яғни, 3,2 пайыз, ипотекалық қарыздар мембағдарламаларды іске асыру есебінен 2,3 трлн теңгеге дейін 27,8 пайызға өсті", - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Жалпы ел экономикасындағы несие көлемі былтыр 5,6 пайызға өсіп, 14 триллион 650 миллиард теңгеге жеткен. Оған ұзақмерзімді несие көлемінің артуы себеп болыпты. Қысқамерзімді несие көлемі де 3 пайызға артқан.

Есесіне ел азаматтарының банктердегі депозиті де біраз ұлғайған. Оған теңгемен ақша сақтайтындар қатарының көбеюі себеп болған. Өткен жылы банктегі ақшасын теңгемен сақтайтындар 23 пайызға артса, шетел валютасымен сақтайтындар тек 5 пайызға артқан.

Соның нәтижесінде доллар күйіндегі депозит шамамен 40 пайызға қысқарған.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев 2020 жылы теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірген еді. Оның сөзінше, бұған коронавирус тудырған дағдарыс әсер еткен.

Мәселен тек теңге ғана емес бразилиялық реал 29,0% -ға, түрік лирасы - 25,0% -ға, ресейлік рубль - 19,3% -ға әлсіреген.

Досаевтың сөзінше, 2020 жылдық желтоқсанында мұнай бағасының өсуі және тәуекелді активтерге сұраныстың артуына байланысты теңге бағамы бір доллар үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін, 1,0 пайызға дейін нығайған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/1893434-halykty-bank-aldyndagy-karyzy-7-trillion-360-mlrd-tegege-zetken/