Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағынан ақша алу үшін есепшот қалай ашылады

Опубликовано:

Пожилой человек получает пенсионные услуги онлайн
Фото: freepik.com

Отбасы банктің қосымшасына зейнетақы жинақтарын аударуға арналған есепшотты ашу қызметі енгізілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"Отбасы банк" зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтініш беретін онлайн-платформаны жасап қойды. Портал тиісті нормативтік-құқықтық актілерге қол қойылғаннан кейін іске қосылады", – деді банк қызметкерлері.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудару үшін өтініш берудің тәртібі:

  • "Отбасы банктің" мобильді қосымшасы жүктеу;
  • "БЗТ үшін есепшот ашу" қызметін таңдау;
  • ЖСН мен телефон нөмірін енгізу;
  • SMS-пен келетін кодты енгізу;
  • қосымшада жеке куәлікті сканерлеу;
  • бейне растаудан өту, ол үшін экранға қарап, бірнеше қимыл жасау қажет;
  • клиенттік анкетаны толтыру;
  • банктің стандартты шарттарымен, жеке мәліметтерді өзгерту мен бір реттік зейнетақы төлемі туралы өтінішпен танысу;
  • Оны растайтын тағы бір SMS жіберіледі;
  • кодты енгізу;
  • интернет-банкигке кіру үшін құпия сөз орнату.

Осының бәрі жасағаннан кейін бірыңғай зейнетақы төлеміне арналған есепшот ашылады. 

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет болады. Оны халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ашуға мүмкіндік бар. Зейнетақы жинақтары үшін ЭЦҚ-ны компьютер арқылы алған жөн. Өйткені телефон арқылы алынған қолтаңбаны тек мобильді қосымшамен пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1893558-zejnetaky-zinagyn-sesip-alu-sin-esepsot-kalaj-asylady/

pixel