RU

Министрлік қазақстандықтарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленгенін айтты

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Өткен жылықазақстандықтарға мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны шамамен 525 мың адамды, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатындар 166 мың адамды құрады.

"2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы, оның ішінде мүгедектігі бойынша 291 миллиард теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 75 миллиард теңге төленді", - делінген хабарламада.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сонымен қатар тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болмақ.

Мысалы, өткен жыоы 1 сәуірден бастап жалпы аурудан болған I топтағы мүгедектерге 62 723 теңге, II топқа – 49 983 теңге, III топқа – 33 975 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 45 736 теңге төленді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы көз жұмған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санын, қайтыс болу себебін және ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып есептеледі.

Мәселен, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап асырауындағы бір адам үшін жәрдемақы 28 095 теңгені, ал екі адам үшін 48 676 теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1894397-ministrlik-kazakstandyktarga-366-mlrd-tege-zrdemaky-tlengenin-ajtty/