RU

Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы соманы қалай тексере алады

зейнетақы
Көрнекі фото: azh.kz

Қазақстанда зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін алуға болатын заң қабылданды. Басты талап – жиналған қаржы жеткіліктілік шегінен асуы қажет. Осы орайда Sputnik Қазақстан зейнетақы жинағындағы соманы тексерудің бірнеше жолын ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін БЖЗҚ зейнетақы жинағындағы соманы тексерудің бірнеше тәсілі бар екенін айтқан еді.

Мысалы азаматтар электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып enpf.kz сайтына тіркеле алады, сол арқылы жеке кабинетке кіріп, жинақ сомасын тексереді. Оны БЖЗҚ мобильді қосымшасынан да біле алады.

Жинақтар сомасы туралы анықтаманы "Азаматтарға арналған электронды үкімет" eGov.kz сайтынан немесе eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы да алуға болады.

Қазақстандықтарға жинағындағы сома туралы ақпарат электронды поштасына да жіберіледі. Ол үшін БЖЗҚ сайтында құжатты рәсімдеу қажет. Содан кейін көшірме құжатты алу салымшының қосымша өтінішінсіз тұрақты түрде жасалады.

Сондай-ақ, құжатты пошта арқылы немесе салымшы БЖЗҚ-ның кез келген жақын маңдағы өңірлік бөлімшесіне жеке басын куәландыратын құжатпен өзі өтініш жасаған кезде алуға болады.

Ол үшін БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелеріне алдын ала жазылу қажет. Сізге қызмет көрсету үшін БЖЗҚ сайтында арнайы құжатты толтыру керек. Құжатта бөлімшеге баратын нақты уақытты көрсету қажет. Барлық сұрақ бойынша салымшылар БЖЗҚ-ға 1418 нөміріне тегін қоңырау шала алады.

Айта кетейік, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры SMS арқылы зейнетақы жинақтарын тексеру бойынша жаңа қосымша сервисті іске қосқанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1894732-kazakstandyktar-zejnetaky-zinagyndagy-somany-kalaj-teksere-alady/