Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын алу: Сайтта жаңа функция іске қосылды

Опубликовано:

Зейнетақы жинағы
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Зейнетақы жинағынан қаражат алу үшін өтініштер қабылдайтын enpf-otbasy.kz онлайн платформасында "өтінімді жою" атты жаңа функция іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы "Отбасы банкі" ресми Instagram-парақшасында мәлімдеді.

"Достар, enpf-otbasy.kz онлайн платформасында жаңа мүмкіндік – өтінімді жою! Біз онлайн-платформаның алғашқы жұмыс күнін бақылап, платформаның мүмкіндіктерін кеңейттік.

Енді, егер сіз деректерді енгізу кезінде қате жіберген болсаңыз немесе біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын өзгерткіңіз келсе, жеке кабинетіңізге кіріп, өтініміңізді жойып тастай аласыз", - деп жазылған парақшада.

Өтінімді жою үшін жеке кабинетіңізге кіріп, "менің өтінімдерім" батырмасын таңдау қажет. Кейін жоюды қажет ететін өтінімді таңдап, экранның төменгі бөлігіндегі "өтінімді жою" пернесін басу керек болады.

"Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады. Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болатынын естеріңізге саламыз", - деп ескертті банк өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін "Отбасы банкі" АҚ ресми Instagram парақшасында арнайы интернет-платформамен қалай жұмыс істеуге болатыны туралы видеонұсқаулықты жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1895469-zejnetaky-zinagyn-alu-sajtta-zaa-funkcia-iske-kosyldy/

pixel