Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын тағы екі банктің көмегімен пайдалануға болады

Опубликовано:

зейнетақы
Көрнекі фото: azh.kz

Уәкілетті оператор - БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылар жүгіне алатын ұйым. Мұндай операторлар тізімі тағы екі банкпен толықты.

Қазақстанда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинағынан ақша алуға өтінім беру басталды.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинағын алуға өтінімді тек "Отбасы банкі" қабылдап жатыр.

Өтінімді тек компьютер немесе ноутбук арқылы беруге болады. Осы ретте банктің мобильді қосымшасында арнайы шот ашу керек.

Өткен аптада уәкілетті оператор қатарына Halyk Bank-те қосылды. Банктің мобильді қосымшасында бірретік зейнетақы жинағын салу үшін арнайы шот ашу мүмкіндігі пайда болды.

Halyk Bank ресми сайтында алдағы уақытта тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін өтінімді банктің мобильді қосымшасында да беру мүмкіндігі пайда болатыны хабарланған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша, Altyn Bank және Банк ЦентрКредитпен өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасалған.

Бұл жақын арада БЖЗҚ салымшылары аталған екі уәкілетті оператордың интернет ресурсы арқылы зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға электронды өтінім бере алатынын білдіреді.

Еске сала кетсек, "Отбасы банкі" АҚ ресми Instagram парақшасында арнайы интернет-платформамен қалай жұмыс істеуге болатыны туралы видеонұсқаулықты жариялаған еді. Оның көмегімен қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтініш бере алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1895655-zejnetaky-zinagyn-tagy-eki-bankti-kmegimen-pajdalanuga-bolady/

pixel