Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде шетелдік интернет-дүкендерге арнайы салық салынуы мүмкін

Опубликовано:

интернет сауда1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда шетелдік интернет-дүкендерге арнайы салық салынуы мүмкін деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.

Оның сөзінше, біріншіден, электрондық коммерциядағы тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша нормативтік шараларды одан ары күшейту көзделген.

Тауарларды қайтаруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тұтынушылардың дау-шарын шешуге байланысты проблемалар әлі де бар, дейді Әбілшайықов.

Бұл бағытта екінші жоспар – сауданы барынша заңды шеңберге әкеліп, көлеңкеден шығару болып отыр.

"Бүгінгі күні әлеуметтік желілер арқылы сатылатын тауарлар көлемі жайлы мәлімет жоқтың қасы. Бұл нарық заң талаптары сақталмаған "сұр аймаққа" жатады. Ресми жүктемеден құтылған бейресми сектордың шағын субъектілері негізсіз бәсекелік артықшылықтарға ие болып келеді", - дейді ол.

Оның айтуынша үшінші жоспар – электронды саудадағы қазақстандық операторларды қолдау мақсатында заңнамалық тұрғыда отандық және шетелдік интернет-дүкендердің тепе-теңдігіне қол жеткізу жоспарланған.

"Салық төлемдерін жүргізбегендіктен, шетелдік саудагерлер отандық сауда алаңдарының алдында баға жағынан басымдыққа ие болып келеді", - дейді Нариман Әбілшайықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1897798-elimizde-seteldik-internet-dukenderge-arnaiy-salyq-salynuy-mumkin/

pixel