RU

Зейнетақының бір бөлігін үлескерлік құрылыста қалай пайдалануға болады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова салымшылар бетпе-бет келген мәселенің мән-жайын түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, үлескерлердің ақшасына салынып жатқан үй әдеттегі үйлерден арзан болады. Біздің ережелерде ол үйлерді алуға мүмкіндік бар. Алайда бұл ретте бір талабымыз бар – салынып жатқан нысанда Бірыңғай оператор – Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігі болуы керек», - дейді Ләззат Ибрагимова.

Сондай-ақ, ол бұл шектеу неліктен енгізіліп отырғанын түсіндіріп берді.

«Жеке нарық 25 жылдың ішінде қалай дамығанын көрдік. Ең күрделісі де осы үлескерлік құрылыс жағдайында кездесті. Үміті үзіліп, сенімі жоғалған үлескерлерді Қазақстанның қалаларынан әлі де кездестіруге болады. Шулы сценарийлер қайталанбас үшін мемлекет кепілдік берген нысандардан ғана үй алуға мүмкіндік жасап отырмыз.

Өзіңіз ойлап қараңыз: сіз үлескер ретінде алдын ала ақша салып, үй сатып алсаңыз, тек құжатын ғана алатыныңызды ескеріңіз. Ал ол үйіңіздің тіпті қабырғасы да тұрғызылмауы мүмкін. Ал мен айтып отырған жағдайда нысан құрылысының аяқталуына мемлекет кепілдік береді», - деп мәлім етті Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін зейнетақы жинағын түрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуге пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеу тәртібі туралы БЖЗҚ түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1899099-zeinetaqynyn-bir-boligin-uleskerlik-qurylysta-qalai-paidalanuga-bolady/