Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы қоры жалған хабарлама таратылып жатқанын ескертті

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: polisia.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар жалған ақпарат таратып жатқанын мәліметті деп жазады ведомсвоның ресми сайты.

"Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеу керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды", - делінген зейнетақы қоры таратқан хабарламада.

Ведомство бұндай спам-хабарламаның Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы таралғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.

БЖЗҚ телефон арқылы жеке деректер мен банк картасының деректерін сұрамайтынын хабарлады.

Сонымен қатар, қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеруді сұрайды.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко зейнетақы жинағының ақшасына үйді қай уақытта сатып алған тиімді деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1899648-zeinetaqy-qory-zalgan-xabarlama-taratylyp-zatqanyn-eskertti/

pixel