"Жарты миллионнан асады": Қазақстанда ең жоғары зейнетақыны кімдер алады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде ай сайын төленіп отырған ең жоғары зейнетақы көлемі 522 610 теңгені құрайды деп хабарлайды Бірыңғай зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 1 ақпанына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  167 423 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд теңге;
  • зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 2,1 млрд теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңге.
"Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  25 886 теңге, ал  ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды", - деді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко зейнетақы жинағының ақшасына үйді қай уақытта сатып алған тиімді деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1900602-zarty-millionnan-asady-qazaqstanda-en-zogary-zeinetaqyny-kimder-alady/