Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетақы жинағын депозитке салуға бола ма

Опубликовано:

зейнетақы
Көрнекі фото: azh.kz

ОКҚ өткен онлайн-брифингте қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі департаменті артық зейнетақы жинағын инвестициялық компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру ережелері қаражатты банк депозитіне салу мүмкіндігін қарастыра ма деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Егер салымшы барлық соманы екінші деңгейлі банктердің біріндегі депозитке салады деп есептесек, онда бұл жерде қауіп-қатерді байқауға болады. Өйткені бұл заңды тұлға, яғни банкрот болып немесе бизнестен қол үзіп қалуы мүмкін.

Біз белгілі бір банкке инвестициялауды ұсынбаймыз. Сонымен бірге инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімінде екінші деңгейлі банктер ғана емес, белгілі бір рейтингке ие шетелдік банктерде де бар", - дейді қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі құнды қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Гүлчехра Талқамбаева.

Айта кетсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан компаниялардың тізімін осы сілтеме арқылы көруге болады. Мұнда банктердің аты да жазылған.

Сондай-ақ зейнетақы қоры есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімінде екінші деңгейлі банктердегі салымдар көрсетілген.

Сонымен бірге БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялар ақша салатын қаржы құралдарының тізімімен танысуға болады.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда зейнетақы жинағындағы ақшаны емге пайдалануға өтініштерді қабылдау басталды. Өтінішті "Отбасы банкінің" онлайн-платформасы арқылы бере аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1900868-qazaqstanda-zeinetaqy-zinagyn-depozitke-saluga-bola-ma/

pixel