Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру қашан басталатыны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Оңтүстік астанадағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін "Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінім беру 10 наурыздан басталады деп хабарлайды "Отбасы банк" әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі. Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі-5%, бастапқы жарна-10% Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілгені белгілі болды.

Бағдарламаға төмендегі санаттағы мамандар қатыса алады:

  • Медицина қызметкерлері;
  • Білім беру қызметкерлері;
  • Мәдениет қызметкерлері;
  • Спорт қызметкерлері;
  • Жоғары оқу орнының қызметкерлері;
  • Әлеуметтік сала қызметкерлері;
  • БАҚ қызметкерлері;
  • Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Қаржы ұйымының мәліметінше, биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері де бұл бағдарламаға қатыса алады. Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл оның өтініш беруге мүмкіндігі бар.

Негізгі талаптар:

  • Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс істеу;
  • Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
  • 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1901667-almaty-zastary-turgyn-ui-bagdarlamasyna-otinim-qabyldau-qasan-bastalatyny-belgili-boldy/

pixel