RU

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар керек

Пәтер
Көрнекі фото: Newtimes.kz

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет екендігі белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде «Отбасы банкінің» желідегі парақшасында арнайы жазба жарияланды.

"Достар, Алматы Жастары бағдарламасына қатысу үшін, заем алушының/заемшыластың төлем қабілеттілігін тексеру үшін құжаттар дайындау қажет.

1. Банктен төлем қабілеттілігін тексеруге жолдама 2. Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат 3. Неке қию/некені бұзу туралы куәлік /сот шешімі/ қайтыс болу туралы куәлік 4. Балаларының туу туралы куәлігі 5. Барлық міндетті төлемдерді көрсете отырып (қажет болған жағдайда), жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 ай үшін).

Қажет болған жағдайда Банк қосымша құжаттарды талап етуге құқылы екенін есте ұстаған жөн!

Барлық құжаттар түпнұсқада ұсынылады!

Сондай-ақ, несие өтінімін берген кезде заем алушы/заемшылас жұбайының қатысуы міндетті!", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1902577-almaty-zastary-turgyn-ui-bagdarlamasyna-qatysu-usin-qandai-quzattar-kerek/