Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несие картасынан қалай пайда табуға болатынын білесіз бе

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

"Синергия" университетінің банк ісі кафедрасының доценті Екатерина Исаева несие картасынан қалай пайда болатынын айтып берді деп жазады Прайм агенттігі.

Оның сөзінше, банк ұсынатын кешбэк және балл арқылы кредит картасынан пайда көруге болады.

Сонымен қатар, Екатерина клиент банктің жеңілдік мерзімінен шығып кетпесе, процентсіз несие ала алатынын жеткізді.

Алайда бұл айтарлықтай қомақты сома емес.

"Қарыз алушыда ақша жинамай,  тауарды дәл қазір алу мүмкіндігі бар. Мұндай карта қарыз алушы мен несие беруші банк арасындағы алшақтықты азайтады" - деді сарапшы.

Бірақ кез келген несие картасында қарапайым несие болатынын ұмытпау қажет. Ол үш негізгі қағида бойынша жұмыс істейді: жеделділік, төлем қабілеттілігі және қайтарылуы. Маман несие тегін берілмейтінін сөз етті. Қарыз беруші пайда көруі тиіс. 

Естеріңізге сала кетейік, осыңан дейін алаяқтар көкшетаулық әйелдің сеніміне кіріп, оның атына миллион теңгеге несие рәсімдеп жібергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1902819-nesie-kartasynan-qalai-paida-tabuga-bolatynyn-bilesiz-be/

pixel