RU

Елімізде жыл басынан бері неше отбасының атаулы әлеуметтік көмек алғаны белгілі болды

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Елімізде 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай  бойынша 128,8 мың отбасындағы 649 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінгені белгілі болды..

Ведомство мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызнан төмен азаматтарға тағайындалады.

"Одан бөлек, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2021 жылғы 1 наурызға атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 154,3 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 106,4 мың отбасындағы 524,3 мыңнан астам қазақстандыққа 2021 жылғы I тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1905121-elimizde-zyl-basynan-beri-nese-otbasynyn-atauly-aleumettik-komek-algany-belgili-boldy/