Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жұмыртқаның неліктен қымбаттағаны белгілі болды

Опубликовано:

Жұмыртқа
Көрнекі сурет: pixabay.com

Сауда және интеграция министрлігі елімізде жұмыртқа бағасының қымбаттау себебін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша апта сайынғы статистикалық деректерге сәйкес ел өңірлерінде 1-санаттағы он жұмыртқаның бағасы 340 теңгеден бастап 485 теңгеге дейін құбылады. Жыл басынан бері бағаның өсуі 11,9 пайызды құрайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет бағаны реттей алатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне тек 1-санаттағы жұмыртқа ғана жатады.

Бағаның өсуінің негізгі себебі құстардың 2020 жылы тұмаудан қырылуы себеп болып отыр. Соның слдарынан 2020 жылы жұмыртқа өндірісі 8,4 пайызға қысқарды.

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша тұмау салдарынан 2,6 миллион мекиен тауық қырылған. Бағаның өсуінің екінші себебі – жем-шөптің қымбаттауы (оның ішінде жемдік астық). Жыл бойы жем-шөптің құны 54.4 пайызға ұлғайды.

"Өңірлерде бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыртқа өндіруші компаниялар мен сауда объектілері (дүкендер, сауда желілері) арасында жұмыртқа сөрелеріне тікелей жеткізу және сатудың тіркелген бағасын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасалады. Әкімдіктер басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша осындай жұмыстар жүргізуде",-делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1905430-qazaqstanda-zumyrtqanyn-nelikten-qymbattagany-belgili-boldy/

pixel