Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев кредит төлеу мерзімін кейінге қалдыруды тапсырды

Опубликовано:

несие 18
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қарастыруды тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл туралы президент коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі жиында айтты.

"Үкіметтен келесі мәселелерді тез арада пысықтауды сұраймын: бірінші – пандемиядан зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру, екіншісі – салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлі түрде өндіріп алуды уақытша тоқтату", - деді Тоқаев

Оның сөзінше, аталған шаралар жаппай вакциналау басталғанға және шектеулердің көбі алынғанға дейін уақытша қолданыста болуға тиіс.

Сонымен қатар, президент ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ-қа кредиттер бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

"Үкімет пандемияға қатысты жағдайды жақсы жағына қарай өзгертеді деген үмітпен, мамырдан бастап ШОБ субъектілеріне, соның ішінде қызмет көрсету саласында шектеулерді біртіндеп алып тастауға кірісе беруге болады", - деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте кәсіпкерлер жұмысын жолға қою үшін мамыр айынан бастап шектеулер кезең-кезеңімен алынуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы еліміздегі мониторинг топтарының жұмысын сынның астына алды.

"Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1905853-toqaev-kredit-toleu-merzimin-keiinge-qaldyrudy-tapsyrdy/

pixel