Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстанда бензин бағасының не себепті өскенін түсіндірді

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

2021 жылы бензин бағасы айтарлықтай өсті. Бұл процесс баға мәселелерінің өзгеруімен байланысты болып шықты. Қазақстандағы бензин құны қалай қалыптасатыны туралы Нұрфин материалынан оқыңыз.

Елімізде көлік жүргізушілері жанармайдың бағасына қатты мән береді. Айта кетсек, жақында ғана АИ-02 маркалы жанармайдың бірден қымбаттап кеткенін жазған едік.

Энергетика министрлігінің мәлімдуінше, мұндай жағдай қалыпты және Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ.

Finance.kz сарапшылары бензин бағасын белгілеудің нарықтық құралдарына көшудің ерекшеліктері мен себептері туралы толығырақ айтып берді.

Бұған дейін баға қалай реттелген

Дереккөздің жазуынша, ұзақ уақыт бойы Қазақстанда бензин бағасы үкіметтің тікелей шараларының арқасында төмен деңгейде қалып отырды. Яғни, жанармай өнеркәсібі үкіметтің ақшасымен реттелді.

Осылайша, әкімшілік шаралардың арқасында баға 2011 жылға дейін ұсталды. 2016 жылға дейін мемлекет жанармайдың шекті құнын шектеуге ұмтылды.

Соңғы бес жылда Қазақстандағы жанармай нарығы бұл шаралардан шартты түрде босатылды. Яғни, бағаны реттеу теңге сияқты құбылмалы бағам саясатының арқасында нарықтық механизмдермен жүзеге асырылды.

Алайда, осы ретте ықпал етудің кейбір шаралары сақталды. Мәселен, мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) мұнайды әлемдік нарықта қымбат немесе арзан болса да, өндіруші компаниялардан шикізат құны бойынша сатып ала берді.

Дәл сол себепті мұнай бағасы арзандағанына қарамастан, Қазақстанда бензин бағасы төмендеген жоқ.

Дегенмен мұндай мемлекеттік реттеу шаралары елдің Ұлттық қорының резервтеріне кері әсерін тигізді.

Жаңа жүйе мен бағаның өсуі

2021 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда бензин құнын тек нарықтық реттеу тетіктері анықтайды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістердің себептері келесідей:

  • ішкі нарықтың көлемі өсті және оларды елемеу бұдан былай мүмкін болмайды;
  • мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталды және мұнайдың соңғы жылдардағы ең жоғары емес бағасын ескере отырып, оны сатудан түскен пайда енді ішкі нарықтағы бағаны толығымен субсидиялай алмайды;
  • бұл ақшалар (субсидия) Ұлттық қордан алынатындықтан, оны сақтау керек.

Нарықты реттеу Қазақстанда жанармай биржасының ашылуымен толығымен басталды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, 6 сауда сессиясында мұнай бағасы 30% -ға өсті.

"Ал субсидия болмаған жағдайда жанармай бағасы да қымбаттайды. Бұл қалыпты процесс. Құнның өсу шегі - бағаны ЕАЭО одақтасының жанармай нарығымен үйлестіру. Мысалы, бүгінде Ресей Федерациясында 92 бензинінің литрі 250 теңге тұрады", - делінген Finance.kz жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1907844-sarapsylar-qazaqstanda-benzin-bagasynyn-ne-sebepti-oskenin-tusindirdi/

pixel