Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде сүт бағасы қымбаттады

Опубликовано:

Сүт
Фото: pixabay.com

Қазақстанда сүт бағасы 9 пайызға, одан алынатын өнім құны 8 пайызға көтерілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Өндірушілер сүт бағасының жылда осыншама пайызға өсуі қалыпты жағдай деп отыр. Шығынды тек бағаны көтеру арқылы жабуға болады екен.

"Сүт пен сүт өнімдерінің бағасы жыл сайын өсіп отырады. Бірақ қымбаттады деуге келмейді. Негізінен инфляцияға байланысты. Осыған орай барлық кәсіптегі әр өндіруші өнімдеріне өзіндік құнын белгілейді. Ал ағарғанның бағасы өсірілуіне бірнеше факторлардың әсері бар. Оның алғашқысына жарық көздері мен бензиннің қымбаттауы себеп", - дейді Қазақстан сүт одағының өкілі Дінмұхаммед Айсауытов.

Оның айтуынша, елімізде өндірілетін сүттің 70 пайызға жуығының сапасы әлі де санитарлық талапқа сай келмейді. Сол себепті шикізатты ірі шаруа қожалықтарынан сатып алады екен.

Сүт одағының өкілі зауыттарда өңделген өнім дүкен сөрелеріне жеткенше қып-қызыл шығын екенін айтып, ағынан жарылды. Қымбаттап кеткен электр қуаты мен жанармайға жұмсалған шығынды жабу үшін амалсыздан өнімнің бағасын өсіруге мәжбүр екедіктерін де жасырмады.

Ресей мен Қырғызстаннан келген сүт өнімдері де 6-8 пайызға өскен. Ал елімізде соңғы үш айда 150 мың тонна сүт пен кілегей өндіріліпті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға көп.

Аймақ бойынша сүтті дайындауда Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары көш басында тұр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1910413-elimizde-sut-bagasy-qymbattady/

pixel