Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның қай өңірінде жалақы жоғары

Опубликовано:

Айлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан азаматтарының орташа айлық жалақысы 231 мың теңгені құрайды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сенсек, 2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады. Ал атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 115,2%, ал нақты жалақы индексі 107,4% құрап отыр.

Салалар бойынша ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында екендігі анықталып отыр. Олар айына 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары) жалақы алады екен.

Ал қаржы және сақтандыру қызметінде – 420,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 345,7 мың теңге (1,5 есеге асты); ақпарат және байланыс саласында – 328,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес).

Ең төменгі атаулы жалақы бойынша көшті ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлері бастады. Олардың орташа айлық жалақысы 116,1 мың теңгені құрап отыр. Одан кейінгі орынға сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі -141,8 мың теңгемен жайғасты.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысына тиесілі – 405,8 мың теңге. Бұл, орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары.

Одан кейінгі орындарға Маңғыстау облысы (344 329 теңге), Нұр-Сұлтан (307 546 теңге) және Алматы (268 463 теңге) қалалары жайғасқан.

Ал ең төмен жалақы Солтүстік Қазақстан облысында - 166,7 мың теңге. Бұл, орташа деңгейден 27,8% төмен. Одан кейінгі орындарды Шымкент қаласы (175 858 теңге), Жамбыл (176 884 теңге) және Түркістан (178 479 теңге) облыстары иеленіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1910487-qazaqstannyn-qai-onirinde-zalaqy-zogary/

pixel