RU

Елімізде цифрлық теңгені енгізу жоспарлануда

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ұлттық банк елімізде валютаның жаңа түрі - цифрлық теңгені енгізу жоспарлары туралы толығырақ баяндады. Цифрлық теңге заңды төлем құралы, құндылық өлшемі және қаражат жинағы болады деп хабарлайды Ұлттық банктің ресми сайты.

Ведомство мәліметінше, ұлттық цифрлық валюта – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің цифрлық нысанда ұсынылған міндеттемесі болып табылатын ақша қаражатының перспективалы нысаны.

Цифрлық теңге заңды төлем құралы, құн өлшемі және жинақ құралы болып табылады.

"Платформаны жүзеге асыру үшін қаржы нарығының қатысушылары төлем сервистерін көрсететін, ал Ұлттық Банк инфрақұрылымды қамтамасыз ететін екі деңгейлі архитектура қарастырылуда", - дейді Ұлттық банк.

Ведомство цифрлық теңгені шығару бойынша шешім қабылдау үшін ең алдымен цифрлық валюта шешетін міндеттерді анықтай отырып, оның пайдасы мен зиянын, ақша-кредит саясатына әсерін, қаржы тұрақтылығын және төлем экожүйесін, оны шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологиясын жан-жақты зерттеу қажет екенін де атап өтті.

Ұлттық банк бұл жұмысты қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қоғамдастығымен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуді жоспарлап отыр.

2021 жылғы мамырда Ұлттық банктің зерттеу баяндамасы көпшіліктің талқылауына шығарылды.

Фото
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1911177-elimizde-cifrlyq-tengeni-engizu-zosparlanuda/