RU

Президенттің кредиттерді кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны қаншалықты рас

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының барлық қарыздары мен кредиттерін кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды zakon.kz.

Көптің талқысына түскен ақпаратқа мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли пікір білдірді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының несиелері мен қарыздарын кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны жөнінде ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Мен бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдегім келеді", - деді ол агенттіктің тілшісіне.

Берік Уәли 2019 жылы президенттің тапсырмасы бойынша кепілдендірілмеген тұтынушылық несиелер бойынша қарызды өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске түсірді.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, бұл акция бір реттік сипатта болды және келесіде жүзеге асырылмайды. Осылайша, бейнежазбада жарияланған Қазақстандағы жоспарланған несиелерді есептен шығару туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Біз қазақстандықтардан әртүрлі фейктерге ермеуге шақырамыз және тек ресми хабарламаларға сенуді сұраймыз", - мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1912271-prezidentin-kreditterdi-kesiru-turaly-zarlyqqa-qol-qoigany-ras-pa/