RU

Министрлік жәрдемақыға қатысты тың ақпарат жариялады

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 92,8 миллиард теңгеге жәрдемақы алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың қаңтарынан сәуірге дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 92,8 миллиард теңгеге орта есеппен 440,1 мың отбасы қамтылғае.

2021 жылғы сәуірде жәрдемақының бұл түрін 448,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,6 миллиард теңгеге алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты сараланған:

  • 4 балаға – 46 760 теңге,
  • 5 балаға – 58 457 теңге,
  • 6 балаға – 70 154 теңге,
  • 7 балаға – 81 852 теңге,
  • 8 балаға – 93 344 теңге,
  • 9 балаға – 105 012 теңге,
  • 10 балаға – 116 680 теңге,
  • 11 балаға – 128 348 теңге,
  • 12 балаға – 140 016 теңге,
  • 13 балаға – 151 684 теңге,
  • 14 балаға – 163 теңге 352 теңге,
  • 15 балаға – 175 020 теңге,
  • 16 балаға – 186 688 теңге.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1914038-ministrlik-zardemaqyga-qatysty-tyn-aqparat-zariyalady/