Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға 50 мың теңгеден берілетіні жайлы хабарлама қаншалықты рас

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Желіде әлеуметтік көмек ретінде 50 мың теңге алу үшін төлем жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама тарап жатыр. Бұған қатысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызметтер үшін 3120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Осы орайда ведомство ел тұрғындарына жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - деп ескертті министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандық мессенджерлердің бірінде балалар үйлерінде тәрбиеленушілерге COVID-19-ға қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салынып жатқаны жайлы хабарлама тарады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Сонымен қаатр, ел тұрғындары Telegram-чаттарда COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар инфекция тасымалдаушы болып табылатындықтан, неғұрлым қатаң санитарлық талаптарды сақтауы керек деген идеяны талқылаған болатын.

Олардың пікірінше, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар барлық жерде міндетті түрде бетперде тағып жүруі керек, ал басқа адамдарға маска тағу талап емес, тек ұсыныс болып табылады. Stopfakekz басылымы бұл ақпараттың да шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1914204-qazaqstandyqtarga-50-myn-tengeden-beriletini-zaily-xabarlama-qansalyqty-ras/

pixel