Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жалдау құны 5 мың теңгеден басталатын пәтерлерге өтінім қабылдау басталмақ

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда жалдау құны 5 мың теңгеден басталатын пәтерлерге өтінім қабылдау басталады. Алайда бағдарламаның игілігін 100 отбасы ғана көре алады деп хабарлайды "Хабар 24".

1 маусымда, Нұр-Сұлтан қаласында жалдау құны 5 мың теңге басталатын тұрғын үйлерге өтінім қабылдау басталады.

Алайда мұндай жалдамалы баспаналарға бәрі бірдей қол жеткізе алмайды. Арзан жалдамалы тұрғын үй арнайы санаттағы азаматтарға ғана беріледі. Ал мұндай санаттың саны – 11.

Атап айтсақ, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандар, 1 және 2-топ мүгедектері, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратындар, жасына жетіп, зейнеткер атанғандар, жетім балалар, қандастар, экологиялық апат салдарынан тұрғын үйінен айырылғандар, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары мен толық емес отбасылар өтінім бере алады.

Егер жоғарыда аталған санаттардың біріне кіретін болсаңыз, қажет құжаттарды 8 маусымға дейін жинап, qatysu.zhilfond.kz сайтына жолдауыңыз қажет.

Жалға берілетін үйлердің саны шектеулі. Мамандардың айтуынша, 100 пәтер ғана үлестіріледі. Ол кемі бес жылға беріледі және өз атыңызға аудара алмаймыз.

Сондай-ақ, өтінімдерді іріктеу кезінде баспана кезегінде қанша жыл тұрғаныңыз да ескерілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1915233-elordada-zaldau-quny-5-myn-tengeden-bastalatyn-paterlerge-otinim-qabyldau-bastalmaq/

pixel