Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша жетіспесе де, қаражатты қалай жинауға болады: Білікті маман кеңес берді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Klopenko Group инвестициялық компаниясының негізін қалаушы Егор Клопенко үнемі ақша жетпесе де, қалай қаражат жинауға болатынын айтып берді деп жазады РИА Новости.

Клопенконың сөзінше, жинақтың бар болуы өзіңіз бен отбасыңыздың қаржылық қауіпсіздігі және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Ақша жинағының болмауы сізді жұмыс беруші алдында да, тосын жағдайлар алдында да әлсіз етеді.

"Айлықтан айлыққа дейін өмір сүруден асқан жүйкені тоздырар әрекет жоқ. Сондықтан өз капиталыңды құру қажет. Көп адамның қиын жағдайда тұрғанына қарамастан, олар үшін дәл осы жинақтар маңызды", - дейді Егор Клопенко.

Сарапшының айтуынша, едәуір көп болмаса да, өз табыстың белгілі бір бөлігін жинап үйрену керек. Қолыңызға тиген кез келген ақшаның кемі 5-10 пайызын жинаққа салған жөн.

Сонымен қатар, Клопенко брокерлік есепшот ашып, қаражат салуды ұсынады.

Сарапшы ақша қорын әртараптандыру да маңызды екенін атап өтті. Яғни, қаражаттың бір бөлігін доллар (немесе шетелдік бағалы қағаз), тағы бір бөлігін еуро (немесе шетелдік бағалы қағаз) және тағы бір бөлігін ұлттық валюта (немесе сол елдің бағалы қағазы) түрінде сақтау керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін психолог Дмитрий Синарев бай болуға қандай әдеттер кедергі келтіретінін айтып берген еді.

"Көп жағдайда жеткілікті өмір сүретін адамдар өзін кедей сезінеді. Себебі олардың үнемі өміріне көңілі толмайды және өзін әрдайым жоғары тұрған адамдармен салыстыра береді", - дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1915869-aqsa-zetispese-de-qarazatty-qalai-zinauga-bolady-bilikti-maman-kenes-berdi/

pixel