Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" және "Баспана хит" бағдарламалары биыл аяқтала ма: Ұлттық банк жауап берді

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pexels.com

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов "7-20-25" және "Баспана хит" тұрғын үй бағдарламаларының аяқталу мерзіміне қатысты түсінік берді деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Қазіргі уақытта Ұлттық банкі екі ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын іске асырып отыр. Бұл – 2018 жылы бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен басталған "7-20-25" бағдарламасы және "Баспана хит" ипотекалық өнімі.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қазақстандықтар 20% бастапқы жарна сала отырып, жылына 7% жеңілдетілген мөлшерлемемен 25 жылға бірінші нарықтан баспана ала алады. Бұрын хабарланғандай, жобаны жүзеге асыруға 1 трлн теңге бөлінген. Жалпы, халықтың бұл бағдарламаға деген қызығушылығы туралы айтсақ, жоба іске қосылған алғашқы жылы 3 289 несие берілген (39,4 млрд теңге), ал 2019 жылы – 8 723 несие (99,1 млрд теңге), 2020 жылы – 10 207 несие (120,8  млрд теңге) рәсімделген.

Ал, осы жылдың бес айы аралығында (қаңтар-мамыр) қазақстандықтар 73,9 млрд теңгеге 5 656 несие алған. Жалпы алғанда, осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша 333,3 млрд теңге игерілді. Халықтың жоғары сұранысы мен ипотекалық несиенің қарқынына қарап, біз "7-20-25" бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін, яғни бөлінген лимит таусылған соң аяқталады деп болжап отырмыз", - дейді Берік Шолпақұлов.

Оның сөзінше, 2018 жылы Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасымен қатар 10,75% мөлшерлеме бойынша "Баспана хит" нарықтық ипотекалық бағдарламасын іске қосты.

Бұл бағдарлама бойынша баспанасы бар болса да, азаматтар алғашқы және қайталама нарықтан үй ала алады. Несие 15 жылға дейін беріледі. Қарыздың максималды сомасы 35 млн теңге.

"Баспана хит" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 600 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 520,8 млрд теңгені құрайтын 56 752 қарыз берілген. Алайда, бағдарлама "айналмалы тетік арқылы, яғни, қаржыландырудың ортақ сомасы алдында жабылған қарыз есебінен көбейетінін ескере келе, біз несиелендірудің жалпы көлемі 675 млрд теңге болады деп болжап отырмыз. Қаржының белсенді түрде игеріліп жатқан ескере отыра, "Баспана хит" ипотекалық жобасы 2021 жылы аяқталады деген болжам бар", - дейді Шолпанқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1917220-7-20-25-zane-baspana-xit-bagdarlamalary-biyl-ayaqtala-ma-ulttyq-bank-zauap-berdi/

pixel