Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақыны пайдалану: 250 мың өтінім неге қабылданбады

Опубликовано:

Үйге қаражат жинау
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болатын үш бағыт бойынша барлығы 326 973 өтінімді мақұлдап, ал 250 мың өтінім қабылданбай, кері қайтарылған. Осы орайда БЖЗҚ өтінімнің не себепті қабылданбағанын түсіндіріп берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 маусымдағы жағдай бойынша, БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан:

- тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 561 167 (қабылданбағаны 245 931) өтінім,

- емделуге 13 595 (қабылданбағаны 3 781) өтінім,

- инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 2 352 (қабылданбағаны 429) өтінім түскен.⠀

Осылайша, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болатын үш бағыт бойынша барлығы 326 973 өтінім мақұлданған.

Ал кей өтінімдердің қабылданбай қалуының себептері келесідей:

1. Соманың дұрыс көрсетілмеуі, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсеткен.

4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

5. "БЖЗҚ" АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан өтінімдердің түсуі.

6. Салымшылардың өтінімді қайталап жіберуі.

Еске салсақ, бұған дейін зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне қандай өзгерістер енгізілетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1917457-zeinetaqyny-paidalanu-250-myn-otinim-nege-qabyldanbady/

pixel