Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде зейнетке шығу жасын неге төмендетуге болмайды: Министр жауап берді

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: vse42.ru

ОКҚ өткен онлайн брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанда ер адамдар мен әйелдердің зейнет жасын төмендету мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінде министрлік зейнет жасын төмендету туралы мәселені қарастырып жатқан жоқ. Объективті сәттер бар - біз 1998 жылы әлемдік тәжірибені зерттеп, жаңа жинақтаушы жүйеге өттік.
Адам жинақтаушы жүйеге қалай қатысатынына байланысты, яғни еңбек өтіліне байланысты жоғары зейнетақы ала алады. Зейнет жасын төмендету мәселесіне келетін болсақ, ертең адам өзінің зейнетақысының бір бөлігін жинауға үлгермеуі мүмкін, сәйкесінше зейнетақы да өте аз болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмайды.
Оның үстіне бізде зейнетақы аннуитеті бар. Ер адамдар 55 жастан бастап, жинақтау шегін жинаған кезде өзі үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады", - дейді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Серік Шәпкенов балалардың жәрдемақысын көтеруге қатысты пікір білдірген болатын.

"Бірақ біз екінші жағын да ескеруіміз керек. Қазірдің өзінде 18 жасқа дейінгі балалардың саны 6 миллионнан асады. Әрбіреуіне 42 500-ден есептесек, қомақты қаражат шығады. Министрліктің қазіргі бюджеті 4 триллионға жақын. Ал республикалық бюджет, шамамен, 14 триллион теңге болады. Сонда қазірдің өзінде біз бюджеттің үштен бір бөлігін алып отырмыз. Соның 96 проценті жәрдемақы мен зейнетақыға таратылады", - деді Шәпкенов.

Сонымен қатар, ана мен баланы қолдауға 700 миллиард теңге бөлініп тұрады. Соның ішінде баланы күту және тағы басқа әлеуметтік төлемдер бар.

"Сондықтан осы жәрдемақылардың барлығын бір төлемге біріктіретін болсақ, онда басқа санатқа кіретін адамдардың мәселесі туындайды. Өйткені бәрі есептелген", - деп атап көрсетті Шәпкено

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1917545-elimizde-zeinetke-sygu-zasyn-nege-qysqartuga-bolmaidy-ministr-zauap-berdi/

pixel