Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жанармай бағасының не үшін көтерілгені белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен 2020 жыл мен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда бензин мен басқа да отынның бағасы өсті. Сарапшылар мен ресми ведомстволар бұл құбылыстың бірнеше себептерін атап көрсетті. Олардың арасында жанармай құю бекеттері желілерінің бағалары туралы сөз болды. Толығырақ Нурфиннің материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда 2020 жылғы дағдарыс кезінде отынның әртүрлі түрін сату бар болғаны 2%-ға төмендеді.

Осылайша, өткен жылы жанармайдың бөлшек саудасы жанармай құю бекеттерінде, газ құю бекеттерінде және автоматты құю компрессорлары бар станцияларда 1,1 трлн теңгені құрады.

Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға ғана аз. Бұл уақытта жанармай сатылымы мен бағасы айтарлықтай өсті деп хабарлайды Ranking.kz.

Жанармай сату көлемі

Мұнай өнімдері саудасының үштен екі бөлігін бензин құрайды: 3,9 миллион тонна 704,1 миллиард теңгеге сатылды.

Елімізде АИ-92 маркасы сатылым бойынша көшбасшы болып тұр. Оның 3,3 млн тоннасы 579,6 млрд теңгеге сатылды.

АИ-95 маркасының 595,5 мың тоннасы 115,7 млрд теңгеге сатылды. АИ-96 және АИ-98 маркалары сәйкесінше 2,6 млрд және 6,2 млрд теңгені құрады.

Сатылым көлемі бойынша екінші орынға дизель отыны жайғасқан: 1,7 миллион тонна 347,5 миллиард теңгеге сатылған.

Сұйытылған пропан мен бутанның 799,9 мың тоннасы жалпы құны 72,9 млрд теңгеге бағаланды.

Сығылған табиғи газдың 891 мың текше метрі 55,5 млн теңгеге өтті.

Жанар жағармай құю бекетінің баға келісімі

Жанармайдың орташа бөлшек сауда бағасы 2021 жылы барлық брендтерде өскен. Мәселен, автокөлік иелері арасында ең танымал АИ-92 маркасы 2021 жылдың мамырына қарай литріне 171,3 теңгеге дейін қымбаттады. Бұл 2020 жылдың мамырындағы бағадан 12,8% -ға қымбат.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, баға көтерілуінің бір себебі баға келісімі.

Ведомство жүргізген нарықтық талдаудың нәтижесінде баға келісімі және елдегі ең ірі жанармай бекеттерінің АИ-92 жанармайын негізсіз көтеру фактілері анықталған.

Осылайша, монополияға қарсы орган жанармай құю станциясының желілеріне 14 хабарлама жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1917618-qazaqstanda-zanarmai-bagasynyn-ne-usin-koterilgeni-belgili-boldy/

pixel